Екібастұзда «Шахтер» саябағын қайта құру мәселесі талқыланады
Жобаны ұйымдастырушылар бірнеше нұсқа дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы – қала тұрғындарының ең танымал демалыс орындарының бірі. Саябақты қайта құру бойынша талқылаулар шамамен алты ай бойы жалғасуда.
Жобаны қала әкімдігі ERG компаниясының қолдауымен Q88 урбанистер қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асыруда. Техникалық тапсырманы «Десента» қоры әзірлейді, эскиздік жобаны «Envicon-A» жобалау-құрылыс компаниясы өз мойнына алды.
– Өте әртүрлі, қызықты, креативті ұсыныстар көп болды, кейде бір-біріне қайшы келді. Мысалы, саябақтың айналасындағы қоршауды алып тастау, дөңгелекті толығымен алып тастау немесе қайта құру сияқты пікірлер айтылды, – деді «Десента» қорының бас директоры Сергей Гуляев. – Екібастұздықтар – өте белсенді адамдар. Олар әртүрлі қалалар мен елдерде болады, шетелде саябақтардың қандай екенін көреді. Бірақ олар – туған қаласының патриоттары. Екібастұзда жайлы, қауіпсіз, эстетикалық демалыс орны болғанын қалайды.
Жобаны ұйымдастырушылар қала тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, сарапшылардың пікірін есепке ала отырып, «Шахтер» саябағын қайта құрудың бірнеше нұсқасын әзірлеуді жоспарлап отыр.