Екібастұзда жасөспірімдер заңды ойын арқылы түсінді

Екібастұзда жасөспірімдер заңды ойын арқылы түсінді

Білім бөлімі, прокуратура және полиция бірлесіп, құқықтық диалог ұйымдастырды, деп хабарлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласында «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені базасында «Өз өмірің – өз таңдауың» атты құқықтық диалог өтті. Бейресми форматта өткен кездесуде жасөспірімдер өздерін толғандырған мәселелер туралы – таңдау, қателік, болашақ мүмкіндіктер жайлы құзіретті мамандармен ашық әңгімелесті. Бұл – тұлға болып қалыптасу жолындағы маңызды қадам.

Біз сіздерді тыңдау және қолдау үшін осындамыз. Әрқайсыңыз өз өмірлеріңізге жауаптысыздар, қателесуге құқықтарыңыз бар, әрі дұрыс таңдау жасау мүмкіндіктеріңіз де бар, – деді қатысушыларға іс-шара модераторы, білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Кездесуге қала прокуроры Аделия Белгібаева мен полиция басқармасының аға лейтенанты Шыңғыс Саметов қатысты. Олар жасөспірімдердің құқықтары, қателіктерді түзету мүмкіндіктері және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы баяндады.

Ашық диалог барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, емін-еркін сұрақтар қойды. Тіркеуден алыну, волонтерлік қызмет, мектеп ауыстырып, өмірді жаңа парақтан бастау мүмкіндігі туралы әңгімелер айтылды.

Кездесудің екінші бөлігінде «Мен және Заң» атты құқықтық квест ұйымдастырылды. Қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі құқықтық жағдайларды шешті, бірлесіп әрекет етуді, өз шешімдерінің салдарын бағалауды үйренді.