Екібастұзда жол апатында бір жасар сәби зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 08.02-де Беркімбаев - Шахтерск көшелерінің қиылысында «LADA Vesta» және «Toyota Surf» маркалы екі автокөлік соқтығысты.
– Салдарынан «Toyota Hilux SURF» көлігі аударылып қалды. «Тойота HILUX SURF» жүргізушісі мен екі көліктің екі жолаушысы Екібастұз қаласындағы ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Олардың арасында бір жастағы сәби бар, – деді департаментте.
Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясында 37 жастағы әйел адам мен бір жастағы бала зардап шеккенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеті минутта жеткен.