Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқыс жағдай Усолка өзенінде болған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды. 

– Құтқарушылар 26 маусымда патрульдеу кезінде 1989 жылы туған ер адамның суға батып бара жатқанын байқады. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді, – деді департаментте. 

Ведомство барлық өңір тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады және бейтаныс, жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтыны жайлы еске салады.