Павлодарда Роза Рымбаева өзінің хит әндерін орындайды

Павлодарда Роза Рымбаева өзінің хит әндерін орындайды

Қыркүйек айының ортасында «Ertis Promenade» сахнасында жазғы концерттер маусымының жабылуы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қыркүйек айынды өтетін іс-шаралардың тізімін жариялады.  

1-7 қыркүйек аралығында  Ertis мұражайында «Тәттілер музейі» көрмесі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. 

4-8 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Кенжекөл ауылының мәдениет үйінде «Тілдің мерейі – елдің мерейі» Қазақстан халқының тілдері мерекесіне арналған кітап көрмесі өтеді 

Концерттер

8 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Ertis Promenade» сахнасында «Мелодии джаза» атты джаз оркестрінің концерті болады.

9 қыркүйекте сағат 19:00-де бас сахнада «Сенемін мен» атты концертте Роза Рымбаева мен Әли Оқапов ән шырқайды. 

15 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-де «Samiyan» мен «Tabriz» топтарының концерті өтеді. 

16 қыркүйекте кешкі сағат 19:00-де  «Ertis Promenade» маусымының жабылу кеші. 

Театр мен кино көрсетілімі

10 қыркүейкте кешкі сағат 20:00-де «Ertis Promenade» сахнасында «Игра с нулевой ставкой» кинофильмнің презентацисы. 

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында

13 қыркүйекте сағат 18:30-да 35-ші маусымның ашылуында Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» әфсанасы қойылады.

14 қыркүйекте сағат 10:00-де В. Павловскис «Айлакер түлкішек» ертегісі көрсетіледі.

15 қыркүйекте сағат 18:30-да Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасы қойылады.

27 қыркүйекте сағат 18:30-да Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясы болады. 

А.Чехов атындағы драм театрында

23 қыркүйекте сағат 18:00-де 79-ші театр маусымының ашылуында П.Шено «Будьте здоровы!»  комедиясы халық назарына ұсынылады.

24 қыркүйек күні сағат 18:00-де К.Манье «Оскар» комедиясы қойылады. 

30 қыркүйекте сағат 18:00-де А.Чеховтың «Чайка» қойылымы көрсетіледі.

Фото: @rozarymbaeva жеке парақшасынан алынды