Екібастұзда қанша мопед бар?

Екібастұзда қанша мопед бар?
Фото: pixabay.com

Өңірде мопедтерді тіркеу науқаны басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мопедтерді тіркеу науқаны басталғаннан бері 77 мопед иесі тіркеу нөмірлері мен техникалық төлқұжат алды, оның ішінде Екібастұз қаласында сегіз адам  өз мопедтерін тіркеді.

Енді олардың иелері жол ережелерін сақтауға және жүргізуші куәліктері  болуға міндетті.

–   Мысалы, Екібастұзда 40 жастағы тұрғын А1 санаты бар Nomad 48 CC маркалы мопедін тіркеп, техникалық төлқұжат алды, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін заңнамаға түзетулер күшіне енетінін еске салды. Осы күннен бастап мопедтерді пайдалануға олар полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Тәртіп сақшылары мопедтің әрбір иесі тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдеріне хабарласып, сол жерде тексеру актісін ала алатынын атап өтті.