Екібастұзда қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттады

Екібастұзда қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттады
Фото: Константин Шелков

Жолақысы облыс орталығындағы бағамен бірдей болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Кеншілер қаласында 9 қыркүйектен бастап қоғамдық көлік жаңа тарифпен жүретін болады. 

Енді жолаушылар қолма-қол тәсілімен 130 теңгенің орнына 200 теңге төлейді. Ал электронды төлем бұрын 80 теңге болса, қазір –  100 теңге.

Зейнеткерлер бекітілген тарифтің жартысын ғана төлейді. Яғни, олар электронды әдіспен 50 теңге, ал қолма-қол ақшамен 100 теңге төлейтін болады.

Электронды төлемді арнайы көлік картасымен, ұялы телефоннан Avtobys қосымшасы арқылы және Kaspi QR арқылы жасауға болады.