Успен ауданында Lexsus көлігін соғып, қашып кеткен скутер жүргізушісі қамалды
Скутердің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірақ ол алысқа кете алмады. Ер адамды полиция қызметкерлері ұстап, медициналық куәландыруға жіберді. Медициналық куәландыру нәтижелері жүргізушінің орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.
Екібастұз қаласының тұрғыны Успен ауданының ауылдарының бірінде алкогольдік мас күйінде «Extreme kz pavlodar sport» маркалы скутермен автотұрақта тұрған «Lexsus rx300» маркалы автокөлікті соққан.
– Сондай-ақ, полиция скутерді тексерген кезде скутердің қозғалтқыш көлемі 49,9 текше см екендігі анықталды және жылдамдығы сағатына 90 км-ге дейін жетеді. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, сағатына 50 км жылдамдықтан асыра алатын мотоциклді басқару кезінде жүргізушіде «A1» жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Осы бұзушылықтар үшін ер адам бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бабы және 611-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.
Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Успен аудандық соты жүргізушіге көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.