Екібастұздағы жол апатынан зардап шеккен баланың жағдайы орташа ауырлықта
Қазіргі уақытта емін травматология бөлімінде жалғастырып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қалалық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 2015 жылы туған баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде.
Бала 2026 жылғы 2 тамызда аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде оған жабық бас-ми жарақаты, жабық кеуде қуысы жарақаты және денесінің көптеген жерінің сырылған жарақаттары диагнозын қойған.
Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін, 3 тамызда травматология бөліміне ауыстырылып, емін травматология бөлімінде жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, 1 тамыздан 2 тамызға қараған түні Екібастұз – Павлодар автожолында, кеншілер қаласынан шамамен 20 шақырым жерде жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі кюветке түсіп, аударылған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Жол апатынан тоғыз адам зардап шегіп, олардың алтауы кәмелетке толмаған балалар болды. Бір ер адам медициналық тексеруден бас тартса, қалған зардап шеккендер түрлі жарақаттармен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.