Павлодар облысында 70 мыңнан астам тұрғын зейнетақы қоры есебінен жағдайын жақсартты

Павлодар облысында 70 мыңнан астам тұрғын зейнетақы қоры есебінен жағдайын жақсартты
Фото: Константин Шелков

Жыл басынан бері 98 мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірде 200 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «БЖЗҚ» АҚ ПОФ директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева мәлім етті.  

– Қазақстан бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың емделуге 457 мыңнан астам өтінішті орындады. Ал Павлодар облысында жалпы сомасы 14,7 миллиард теңгеге 19 мыңнан астам өтініші орындалды, – деді ол.

Ал тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында облыс тұрғындарынан зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы 98 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл – шамамен 70 мыңнан асқан тұрғыннан түскен өтініштер. Өңделген өтініштер негізінде салымшылардың арнайы шоттарына 100 миллиард теңгеден астам аударылды. 

– Егер де зейнет жасқа келіп, шотында шектік мөлшерден асатын қаражат бар болса, онда ол сол ақшаны алуға өтінішті екі рет бере алады. Шектік мөлшерге дейін жетпесе, жинаған қаражатының 50%-ын мұқтаждығына қарай шешіп, пайдалана алады,– деп атап өтті Нұржамал Дүйсембаева.

Зейнетке шығайын деп отырған павлодарлықтар  қандай құжаттарды жинау керек екенін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  облыстық филиалдарында біле алады.