Екібастұздық оқушылар есірткі таратушыны ұстауға көмектесті

№7 мектеп-лицейінің оқушылары есірткі қылмысына куә болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз прокуратурасында есірткі таратушыны ұстауға көмектескен үш оқушыға сыйлықтар табыс етілді.
Олар абдырап қалмай полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшыларына күдіктінің тыйым салынған затты қалдырған жерін көрсетті. Екібастұз қаласының прокуроры Қанат Атығаев бұл балалардың азаматтық белсенділігінің арқасында қылмыскерді жедел ұстап алудың алғашқы жағдайы екенін атап өтті.
Прокуратура ғимаратында өткен кездесуге 10 жастағы Зейнаб Черубаева мен 12 жастағы Хамза Ермек, Нариман Нұрлыхан, сондай-ақ, олардың аналары қатысты. Оқушылар кешкі серуеннен үйге оралған кезде белгісіз біреу есірткіні жасырмақ болғанын байқаған.
– Ол қара киім киген, басында капюшоны болған адамды көрді. Біз бұл адамды таныдық, өйткені бұған дейін оны аулада көрдік. Ол назар аудармаса да, біз бәрін көріп қалдық. Сондықтан ол ораманы тастап, кеткеннен кейін біз полицияға қоңырау шалдық та, тыйым салынған заттың қайда екенін айттық, – деді Хамза Ермек.
Екібастұз прокуроры балаларды құттықтай отырып, құқық қорғау органдарына есірткі қылмысына қарсы күресте көмектесетін жас ұрпақты лайықты тәрбиелегені үшін ата-аналарына алғысын білдірді. Сонымен қатар, қалалық прокуратура қазір жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар аударуда.