Павлодар тұрғыны мен әкім арасындағы жер дауы сотта шешілді

Павлодар тұрғыны мен  әкім арасындағы жер дауы сотта шешілді

Ер адам аудан әкімдерінің біріне бағбаншылық үшін жер учаскесін сұрап жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық соты аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше,  әкім жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруден бас тартқан. 

Талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанында құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген.  

Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі барысында талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

– Сот медиативтік келісімді бекітті. Сол бойынша талапкер жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішпен жер комиссиясына қайта жүгінеді. Ал әкім белгіленген  жағдайларды ескере отырып,  бұл  өтінішті осы мәселені қарауға тиіс жер комиссиясының отырысына қайта шығаруға міндеттенді, – деді баспасөз қызметінде.

Осылайша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды.