Екібастұздың 21-шағын ауданында тағы да екі үй салынуда (ВИДЕО)

Екібастұздың 21-шағын ауданында тағы да екі үй салынуда  (ВИДЕО)
Фото: Константин Шелков

Жұмыстар құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген кестесі шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– 21-шағын ауданда жалпы ауданы 11,5 мың шаршы метр 144 пәтерлі тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде 72 пәтер кезекте тұрғандарға жалға беріледі, қалған 72 пәтер несиеге берілетін болады. Жұмыстың орындалу барысы тексерілді. Жұмыстар сапалы жүргізілуде, дегенмен болашақта осы пәтерлерде тұратын отбасыларға жайлы болуы үшін назар аударатын тұстары да бар, – деп жазды Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин Іnstagram әлеуметтік парақшасында.

Мердігерлік ұйымның алдына объектіні ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру міндеті қойылды.

Естеріңізге сала кетер болсақ, 2022 жылы 21-шағын ауданда 180 пәтерлі, 15 мың шаршы метрлік тоғыз қабатты екі үй кезекте тұрғандар арасында жалға берілетін тұрғын үй ретінде бөлінген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Бейсекин (@abeysekin)