Ел аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын шығаруға тыйым салынды

Ел аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын шығаруға тыйым салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу алты айға созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды.

2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап, 2025 жылғы 14 наурызға дейін алты ай мерзімге ірі қара мал және ұсақ малдардың аналық басын әкетуге тыйым салу әрекет етті. Биыл 10 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салу алты ай мерзімге ұзартылды.    

Уақытша тыйым салудың мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларын жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.