ҚР ІІМ түнде жылдамдықтың шектелуі туралы хабарламаның фейк екенін мәлімдеді

ҚР ІІМ түнде жылдамдықтың шектелуі туралы хабарламаның фейк екенін мәлімдеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ішкі істер органдары тексерілмеген хабарламаларға сенбеуді сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.

Ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар! – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінде.

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық - 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды.