Ертіс ауданында қараусыз жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды

Ертіс ауданында қараусыз жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал иесі айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын полиция қызметкерлері тас жолда малдың болуына жол бермеу бойынша рейдтер жүргізеді.

10 мамырда сағат 14:15-те Кеңес ауылының маңындағы Атамекен кенті – Ертіс – Русская Поляна  республикалық маңызы бар жолда қараусыз 12 бас жылқы жайылып жүрді. Полицейлер мал иесін анықтады. Ол 35 жастағы Кеңес ауылының тұрғыны болып шықты . Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, мұндай бұзушылықтардың алдын алу бойынша малдың иесімен әңгіме жүргізілді,– деді Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полицейлердің сөзінше, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мал иелерінің тиісті бақылауы жоқ, бұл автожолдардағы жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына әкеп соғады.