Павлодарда мектепке баратын балаларға арналған Ашық есік күні өтеді

Павлодарда мектепке баратын балаларға арналған Ашық есік күні өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кардиоорталықта жүрек УДЗ, ЭКГ және балалар кардиологының консультациясы тегін ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кардиология орталығында Балаларды қорғау күніне арналған айлық аясында Ашық есік күні ұйымдастырылады. Іс-шара 2018–2019 жылдары туған, биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын балаларға арналған.

Ата-аналар мен олардың балалары үшін жүрек қызметін тексеруге мүмкіндік беріледі. Бүлдіршіндер жүректің ультрадыбыстық зерттеуінен өтіп, жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын бағалау мақсатында электрокардиография  жасатады. Сондай-ақ балалар кардиологы әр балаға жеке кеңес береді. Бұл тексерулер жүрек-қантамыр жүйесіндегі мүмкін болатын ауытқуларды ерте анықтауға және қажетті жағдайда емдеу мен бақылау жоспарын құруға көмектеседі, – деді орталықтың баспасөз қызметі. 

Шара 4 маусым күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін Ткачев көшесі, 10/3 мекенжайында өтеді. Қабылдауға жазылу сол күні, тікелей іс-шара барысында жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күні тек 6–7 жас аралығындағы және 2025–2026 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалар үшін өткізіледі. Жас ерекшелігіне сай келмейтін балалар іс-шараға қабылданбайды.