Павлодар облысында су басу фактілерін анықтау үшін аулалар мен жертөлелер тексерілуде

Павлодар облысында су басу фактілерін анықтау үшін аулалар мен жертөлелер тексерілуде
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Ертіс ауылы тұрғынынан аула аумағында еріген қар суының жиналуы туралы өтініш түсті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жапсарлас салынған қосымша құрылысты су басқан. Жергілікті атқарушы органдардың,  Ертіс ауданы ТЖБ күштерімен және құралдарымен аула аумағынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. 

–  Осы учаскеден барлығы 83 текше метр еріген қар суы сорылды. Тұрғын үйдің су басып қалуына жол берілмеді, – дейді департаментте. 

Павлодар ауданының Розовка ауылынде еріген қар суын сору жұмыстары, аулаларды аралау жүргізілуде, суды бұру үшін арнайы құрал қолданылды.   Мониторинг қорытындысы бойынша жеке тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ауыл бойынша барлығы 20 техника және ТЖ мен жергілікті атқарушы органдардан 46 адам жұмылдырылды.

Әкімдіктер мен ТЖД су басу фактілерін анықтау үшін аулалардың аумақтарын, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелерін аралайды. Мониторинг тәулік бойы жүргізіледі.