«Ертіс орманы» аумағында 4-класты өрт қаупі тіркелді

Бұл – аймақта ауа райы мен құрғақшылықтың салдарынан орман өрті шығу қаупі өте жоғары екенін білдіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осыған байланысты табиғатты өрттен сақтау мақсатында орман алқаптарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.
– Орман аумағында темекі тұқылдарын немесе сіріңке қалдықтарын тастауға, шыны бөтелке мен жарық өткізетін заттарды қалдыруға, арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға, маймен немесе жанғыш затпен сіңген материалдарды тастауға тыйым салынады. От жағуға жас қарағай көшеттерінің жанында, құрғап кеткен шөптер бар жерлерде және бүлінген орман учаскелерінде болмайды, – деді «Ертіс орманы» табиғи резерватының баспасөз қызметі.
Егер орманда өрт ошақтарын байқасаңыз, бірден келесі нөмірлерге хабарласыңыз: +7(7182)78-77-32, +7(71836)32-2-22, +7(71836)32-2-72, +7(705)601-96-80 немесе 101, 112.