«Ертіс орманы» резерватында сусарлардың саны өсіп келеді
Табиғатқа деген қамқорлық өз жемісін беруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» резерватында аңшылықтың кез келген түріне қатаң тыйым салынғанын еске салады.
– Резерват аумағында орман сусарларының саны қарқынды өсіп келеді. Егер 2019 жылы бұл ерекше жануарлардың саны 45 дарақты құраса, 2024 жылы 100 дараққа жетті. Бұл – табиғатты қорғау шараларының және барлығымыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі, – дейді қорықта.
Сонымен қатар орманшылар облыс тұрғындарын табиғатты құрметтеуге – аң ауламауға, ерекше қорғалатын аумақтардағы тыныштықты бұзбауға және жануарлар әлемін бағалауға шақырды.
– Жыл сайын қыс түскенде жабайы жануарларға тамақ табу қиынға соғады. Сондықтан біздің міндетіміз – оларға аман қалуға көмектесу, – дейді резерватта.
Қорық орманшылары жемшөп пен тұз жеткізеді. Бұл еліктер мен бұландардың, басқа да орман жануарларының популяциясын сақтаудың ең маңызды ресурстары болып табылады. Аталған шаралар қыста жануарлардың қорек табуын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтайды.