Ертістен Павлодарға санитарлық авиациямен науқас жеткізілді
Өтініш 21 қыркүйекте Ертіс аудандық ауруханасынан түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі диагнозы қойылған 54 жастағы ер адамды Павлодарға тасымалдау қажет болған. Санитарлық авиацияның медициналық бригадасы ұшу бойы науқастың жағдайын бақылауда ұстады. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
22 қыркүйекте науқастың жағдайы жақсарып, нефрология бөліміне ауыстырылды. Оған гемодиализ процедурасы жүргізілді. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланып отыр. Ол қажетті емді толық көлемде қабылдауда.