«Ertis Promenade» сахнасында Олимпиаданың тікелей эфирі көрсетіледі

«Ertis Promenade» сахнасында Олимпиаданың тікелей эфирі көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Павлодарлықтардың назарына грек-рим күресінің финалдық кездесуі ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, 7 тамыз кешкі 21:15-те орталық жағажайдағы «Ertis Promenade» сахнасында Париждегі Олимпиада ойындарының тікелей эфирі көрсетіледі. 

– Бұл эфирде сіздер грек-рим күресі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде финалдық бәсекеде қазақстандық Демеу Жадыраевтың өнерін тамашалай аласыздар,– деді қалалық әкімдікте. 

Еске сала кетейік, Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановпен белдесіп, басымдық көрсеткен болатын.