Павлодарда алматылық этно – фольклорлық тобы ерекше концерт өткізеді

Павлодарда алматылық этно – фольклорлық тобы ерекше концерт өткізеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халық аспаптарында әр түрлі жанрлық интерпретациялар жанды дауыста орындалатын 20 нөмір көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Музыкалық колледжде ҚР Халық әртісі, профессор Айгүл Үлкенбаева мен философия (PhD)  докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, «Hassak» этно – фольклорлық тобының жетекшісі Ержан Жәменкеевтің жетекшілігімен «MODEL 2.1.5. Dem al» концерті өтеді.

 «MODEL 2.1.5. Dem al» концерті жас орындаушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен жігерлілігін, музыкалық халық аспаптарының барлық стильдері мен бағыттарын, орындаушылардың шеберлігін, сонымен қатар түрлі композициялардағы түстердің  үйлесімін, костюмдерінің ерекшелігін, және  қатысушыларының көңіл-күйін толық көріп, тамашалауға мүмкіндік береді. Музыкалық колледждің түлектері Назира Омар, Мерей Бейсен, Нұрбол Қаратай да концертке қатысып, өнер көрсетеді.

Концерт бағдарламасына әр түрлі жанрлық интерпретацияларда жанды дауыста орындалатын 20-ға жуық нөмір енгізілген.

Шығармашылық кездесу барысында ҚР халық әртісі, профессор Айгүл Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған шығармалар» 2-ші бөлім, шетелдік туындыдан тұратын кітабының тұсаукесері болады. Осы кітап колледжінің кітапхана қорын толықтырады.

1 сәуірде сағат 12:00-де  өтетін концерттік бағдарлама көрермендерді тарту арқылы академиялық музыкалық өнерді және халық аспаптарында орындауды насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге біздің заманымыздың көрнекті музыканттарының концерттеріне қатысуға мүмкіндік береді.