Ертіс арқылы өтетін көпір қандай болмақ (ФОТО)
Көпір күрделілік классының ең жоғарғы сатысы бойынша салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс өзені арқылы өтетін көпір апаттық деп танылған ескі құрылыстың орнына салынады. Ол 60 жылдан артық уақыт бұрын салынған. Тозған көпір арқылы тек жеңіл және рейстік автобустарды ғана өткізеді, жүк машиналарының өтуіне тыйым салынған.
Жаңа көпірді жобалау 2019 жылы басталған. «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Алексей Логвиненконың сөзіне қарағанда, әзірше дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың мамырында мердігер «Казахдорстрой» ЖШС ресурстарын жұмылдыра бастайды.
Алексей Логвиненко көпір құрылысына нормативтер бойынша шамамен үш жыл уақыт керек: қыс айларын есептемегенде 25 ай. Қыста құрылыс жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан құрылыстың аяқталу мерзімі әзірше айтылмайды.
- Барлығы қаржыландыруға байланысты. Ол кешеуілдесе, демек, құрылыс та кешеуілдейді. Жаңа көпір салынған кезде ескісі орнында қалады. Оның үстімен жеңіл және жолаушылар көліктерінің жүрісі тоқтатылмайды, - деді Алексей Логвиненко.
Жаңа көпір ескі көпірдің оң жағында орналасады. Жалпы ені 2,7 шақырым, көпірдің өзі 691 метр болады.
Көпір экстрадоздық типте, яғни вертикалдық жүк тікелей тіреу бағаналарына қарай бағытталады. Сол себепті көпірдің өміршеңдігі артады. Көпір алты бағанаға сүйенеді: екеуі жағада, төртеуі аралықта орналасады. Аралық бағаналардың ені 150 метр – бұл кеме жүрісіне жағдай жасайды.
Негізгі салмақты пилондар ұстайды. Көпір аспалы болады. Жоба құны – 39 млрд теңге.
Құрылыс біткен соң апаттық жағдайдағы ескі көпір сырылады.
Естеріңізде болса, былтыр Павлодар облысына сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір құрылысын биыл бастауды тапсырған еді.
Фото: «Қазавтожол» АҚ