Павлодар әкімі балабақшалардағы ойын алаңдарының жаңартылуын тексерді

Павлодар әкімі балабақшалардағы ойын алаңдарының жаңартылуын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл қаладағы жиырмадан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымында заманауи ойын алаңдарын орнату жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбековтың мәліметінше, жоба өңір басшысы әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Заманауи ойын кешендері балалар үшін қауіпсіз, жайлы әрі қызықты орта қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде екі нысандағы жұмыстар толық аяқталды. Тағы бес балабақшада ескі ойын құрылғыларын демонтаждау және дайындық жұмыстары жүргізілуде, – деді Хасар Хабылбеков.

Жоспарға сәйкес, биыл Павлодардағы 22 балабақшаның ойын алаңдары толық жаңартылады.

Барлық жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.