Ертіс ауданында алғаш рет баскетболдан ауылдық мектеп лигасы бастау алды

Ертіс ауданында алғаш рет баскетболдан ауылдық мектеп лигасы бастау алды
Фото: Ертіс ауданының білім беру бөлімі

Жарыстар аудандық білім беру бөлімі мен демеушінің қолдауымен өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс ауданы білім беру бөлімінің мәліметінше, баскетбол лигасының ұйымдастырушысы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының депутаты Мұрат Абдалинов болып табылады.

–  2024 жылғы 20 қаңтар - 23 наурыз аралығында 7-8-сынып оқушылары арасында матчтар өткізіледі.  Апта сайын үш ай бойы шиеленісті және жеңісті сәттер болады. Мұндай командалық ойын  балалардың  күш-жігерін қолдауға көмектеседі, – дейді бастамашы және бас демеуші Мұрат Абдалинов.

Мектеп лигасы аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

– Балалар бос уақытта телефонға телміріп отыра бермей,  спорттық жарыстарға қатысса керемет болады еді. Себебі, жастар пайдалы іспен айналысуы тиіс,   – дейді  Мұрат Абдалинов.

Демеушінің командасы   2023 жылы Павлодар облысын Алматы қаласында Ұлттық республикалық лигада таныстырған.