Белгілі блогер Павлодардың басты ерекшелігін атап өтті

Белгілі блогер Павлодардың басты ерекшелігін атап өтті
Фото: автор

Иван Червинский Ертіс бойындағы қалаға барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл оның Павлодарға бірінші сапары емес. Оның сапарының басты мақсаты – «Астана» мұз сарайындағы Fight Nights бокс кешін көрсету болды. Біздің қала «Алға, Қазақстан!» жобасының авторын жайлылығы мен тазалығымен баурап алды. Бірақ оны ең таң қалдырғаны басқа нәрсе болды.

- Мен Алматыдан келдім, қазір онда ауа температурасы -5 градус суық, бірақ суықтың көкесі Павлодарда екен. Бірақ сіз білесіз бе, мен қалада қыдырып жүріп, талай жылы жүзді адамдарды көрдім! Қар, суық жел, аязға қарамай адамдар жымиып жүретін сияқты. Өте тәнті болдым, - деп мойындады Иван Червинский.

Бокс кешінің өзіне келер болсақ, Санкт-Петербургтың тумасы Павлодарға осындай ауқымды форумды өткізудің осындай құрметті миссиясы берілгеніне қаламыз үшін шын жүректен қуанышты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АЛГА КАЗАХСТАН (@alga.peterburg)

- Павлодар бір күнге бокстың астанасы болды, бұл тамаша. 3500 көрермен болды, көрші облыстардан да адамдар келді. Маған құпия түрде биыл жазда Павлодарда тағы бір ауқымды спорттық шара жоспарланғаны туралы ақпарат берілді. Бірақ нақты қандай екендігін айтуға құқым жоқ, - дейді блогер.

Иван Червинский Санкт-Петербургте дүниеге келген, қазір Қазақстанда тұрады. Петербургте қала чемпионатында футбол ойнады.