Павлодарлықтар кезекті дербидің куәсі бола алады
Қызықты кездесу 18 қыркүйек күні кешке өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екінші лиганың 20-туры аясында Орталық стадионда екі павлодарлық команда кездеседі: «Ертіс» және «Ақсу». Бұл осы маусымдағы екінші павлодарлық дерби, бірінші ойында бес дүркін чемпион жеңіске жеткен болатын.
Алайда, сол ойынның барысы келесі кездесудің супер принципиалды сипатын алдын ала анықтады. 2 шілдеде «Ертіс» жеңіске жетті, бірақ қарсыластары да оңай шағылмайтын жаңғақ екендігін танытты. Бірінші таймда бес дүркін чемпиондар командасы Рахман Асухановтың шәкірттерінің қақпа кілттерін таба алмады. «Ақсу» «Ертістің» нашар ұйымдастырылған шабуылдарына оңай тойтарыс берді. Барлығын екінші таймның басында тағайындалған даулы пенальти шешті. Ал пенальтиге ұқсас келесі эпизодта төреші «Ақсу» ойыншысына қатысты ереже бұзушылықты көрмеді.
«Ертіс» бірінші лигаға шығу үшін күресті жалғастыруда, ұпай жоғалтуға әсте болмайды. Алайда, «Ертіс» тағдыры басқа футболшылардың қолында немесе дәлірек айтсақ аяқтарында. Бәрі екінші лигада емес, элиталық дивизионда шешілетін сияқты. Қарағандылық «Шахтер» ҚПЛ-дан кету ықтималдығы жоғары, бұл «Шахтер» жастарының 2025 жылғы Бірінші лигаға қатысуын мүмкін емес етеді. Жолдама екінші орын алған командаға, яғни «Ертіске» өтеді.
Осы айтылған уәждің барлығы бүгінгі ойынның сипатына әсер ете қоймас, Рахман Асухановтың шәкірттері жаздағы жеңіліс үшін реванш алуға бар күшін салады. Сондықтан бізді қызықты тартыс күтіп тұр.
Матч сағат 18.00-де басталады. Кіру тегін.