Ертіс өзенінің мұзында ойнап жүрген балалар құтқарылды
Олардың ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТЖД қызметкерлері патрульдеу барысында Ертіс өзенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарушылар мұз жиегінде өмірлеріне қауіп төндіріп тұрған бес кәмелетке толмаған баланы байқады.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл түрде шара қабылдап, балаларды мұздан алып шықты. Кәмелетке толмағандар ата-аналары келгенге дейін ТЖД бөлімшесіне жеткізілді.
Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және әсіресе мұздың бұзылу кезеңінде жұқа мұзға шығуға болмайтынын ескертеді.