Асайын Байханов облыс тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтады
Бүгінде Павлодар облысы – түрлі этнос пен мәдениет өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан құтты мекен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Асайын Байханов бұл мерекенің қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтатын маңызды күн екенін атап өтті. Оның сөзінше, Бірлік күні – елдегі өзара құрмет, сенім және ортақ болашақ алдындағы жауапкершілікті айшықтайтын ерекше дата.
– Біз қасиетті Ертіс-Баян өңіріндегі барлық этностардың мәдени әралуандығын қадірлеп, оны көздің қарашығындай сақтай отырып, өңіріміздің өркендеуі жолында бірлесе еңбек етіп келеміз. Дәл осы бірлік – біздің ең басты күшіміз бен сенімді тірегіміз, – деді Асайын Байханов.
Құттықтау соңында облыс басшысы өңір тұрғындарына денсаулық, бақ-береке мен амандық тіледі.