Павлодар облысына ҚР денсаулық сақтау министрі келеді
Жұмыс сапары барысында медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Павлодар облысына жұмыс сапарымен келмек.
Сапар аясында халықпен кездесіп, онда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жоспарланған.
Министрмен кездесу Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайындағы «Достық үйінде» өтеді деп жоспарлануда
Ал азаматтарды қабылдауға жазылуға, сондай-ақ барлық сұрақтар бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығына, сонымен қатар 8 747 790 11 09, 8 705 447 52 52 нөмеріне WhatsApp-қа жазуға болады.