«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ бір жылғы жұмысы туралы есеп берді
Кәсіпорындарда шығындар мен тиімділік есептелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларға өз жұмысы туралы есеп берді. Құжаттар кәсіпорындардың бекітілген тарифтік сметаларды және бір жылға инвестициялық бағдарламаны қалай орындағаны, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін қадағалағаны көрсетілген. Сонымен қатар, жылу энергиясын өндірудегі тиімділік көрсеткіштері туралы деректер бар.
Еске салайық, Қазақстанда «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» көмір мен электр энергиясын ең ірі жеткізушілердің бірі болып табылады. Акционерлік қоғамға екі бөлімше кіреді – «Восточный» көмір кеніші мен Ақсу электр станциясы.
Фото: ЕЭК