Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде найзағай, бұршақ, екпінді жел және қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облысында 4 тамызға дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, түнде облыстың батысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Сонымен қатар облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар қаласында да күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қала аумағында да жоғары өрт қаупі күтіледі.