Импорттық өндірістегі снектар сатудан алынды

Импорттық өндірістегі снектар сатудан алынды
Фото: pixabay.com/Einladung_zum_Essen

Оған санэпидбақылаудың тексерісі себеп болды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінің оқушыларын шығу тегі күмәнді өнімдермен (снектар) жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониторинг жүргізді. 

Мониторинг барысында 1,5 мыңнан астам дүкен қамтылды, Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектар) 14 үлгісі сатып алынды.

Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану Техрегламенттердің талаптарында белгіленбеген. 

СЭБК атап өткендей, дәмді күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну үнемі артық тамақтануды ғана емес, кейіннен семіздікке әкеліп соқтырады, сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылыстары, күйдіргі тудыруы мүмкін. 

Тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация жоқ.

Аталған өнім бойынша жедел ден қою шаралары қабылданды, ол сатудан алынды. Көрсетілген тағамдарды сататын сауда нысандарына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбаланған сәйкестік туралы декларацияның міндетті түрде болуымен тамақ өнімдерін сатуға қабылдау жөніндегі талаптардың сақталуы туралы хабарламалар жіберілді. 

Қазіргі уақытта осы өнімді әкелуге және сатуға тыйым салуды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде.