Kaspi QR-мен төлеген үшін үстемеақы: Павлодарда дүкенге айыппұл салынды

Kaspi QR-мен төлеген үшін үстемеақы: Павлодарда дүкенге айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сатушы сатып алушыға Kaspi QR-мен төлегені үшін сатып алудың жалпы сомасына 2% қосатынын айтқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны 2024 жылдың тамызында азық-түлік сатып алу үшін дүкенге барып, қоюландырылған сүт, ананас және майонез сатып алған.  Содан кейін сатушыдан kaspi QR бойынша есептеуді сұраған, сатушы оған Kaspi QR-мен төлегені үшін сатып алудың жалпы сомасына 2% қосатынын айтқан. 

 – «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы тауарды сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделген көрсетілген құнға сәйкес сатуға міндетті, ал тұтынушы тауарды сатып алуға құқылы. Тауарларды сатуды жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі тауарды сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделген көрсетілген құнға сәйкес сатып алушыға сатады, – деді департаментте. 

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары осыған байланысты келіп түскен өтініш негізінде осы дүкенде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, құны ішкі және сыртқы витриналарда қойылған жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарды өткізгені үшін шағын кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салынды.  

Сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.