Ақсуда мысыққа пневматикалық тапаншадан оқ атылды
Жануар аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаралы мысық қоқыс жәшігінде табылды. Зооеріктілердің айтуынша, мысықтың көзі мен мұрнынан қан ағып жатқан.
– Бастапқыда мысықты ұрып-соқты деп ойладық, бірақ рентгеннен кейін бәрі таң қалды: мысықтың денесі мен бетінде пневматикалық қарудың оқтары табылды, – деді еріктілер.
Зооеріктілер жануарға жабық жерде оқ атқан деген болжам жасады. Мысыққа медициналық көмек көрсетілді, зақымдалған көз алмасы алынып тасталды.
Полиция жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтаумен айналысады.