Көліксіз күн: Павлодарда акцияның қорытындысы шығарылды

Көліксіз күн: Павлодарда акцияның қорытындысы шығарылды
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының түрлі деңгейдегі грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Автокөліксіз күн» облыстық акциясына өңірдің 36 білім беру ұйымының 75-тен астам оқушысы қатысқан. Оның ішінде А. Байтұрсынұлы атындағы, № 26, 36, 32, М. Жүсіп атындағы, А. Бөкейхан атындағы мектептердің оқушылары бар. 

Шараны білім беру басқармасы мен бөлімі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп өткізді.

 Мақсаты – экология және қоршаған ортаның ластану проблемаларына назар аудару, отын тұтынатын көлік құралдарын пайдаланудан бас тартуды, салауатты өмір салтын насихаттау, акция қатысушыларына шығармашылық арқылы өз ойын білдіруге мүмкіндік беру.

– Акция шарттары бойынша қатысушылардың отбасыларына автокөлікті пайдаланбай бір күнді қызықты өткізу ұсынылды және фоторепортаж, бейнеролик түсіріп, «Біз сияқты автомобильдер бір-бірінен қалай демалды?» тақырыбында флешмобы өткізу тиіс еді, – дейді бөлімде.

Акцияның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 13 қатысушы ие болды, оның ішінде I орын - екеу, II орын - төртеу, III орын – жетеу.  Павлодар қаласынан қатысушылар саны - жетеу. 

ІІ орынды А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушысы Бахриден Ролан, № 32 НМ оқушысы Энгель Емельян иеленді.

ІІІ орынды А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары Нұрия Қамашева, Лия Кламбекова,  № 7 ЖОМ оқушысы Сәрсенбаев Сұлтан, № 39 ЖОМ оқушысы Мұсабаев Нұрханият, Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Айзере Болатхан иеленді.