Көшпенділер ойындары: Қазақстан ұлттық құрамасы дайындықтарын пысықтауда

Көшпенділер ойындары: Қазақстан ұлттық құрамасы дайындықтарын пысықтауда

29 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 11 тамызға дейін созылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр 

Аударыспақтан ұлттық құрамамыз Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында дайындалып жатыр.  

Еліміздің түкпір-түкіпірінен, ең үздік деп танылған 12 аударыспақшы жоспар бойынша дайындалуда. Оның ішінен алтауы іріктеліп, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды. 

29 шілдеде басталған оқу-жаттығу жиынымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Күнде белгілі бір графикпен жұмыс жасаймыз. Бірінші физикалық жаттығу, түстен кейін атпен дайындаламыз. Бұл оқу-жаттығу жиынында жігіттердің қаншалықты дайын екенін көріп жатырмыз. 12 спортшы ішінен алты мықтыны іріктеп, көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетеміз деген ойдамын, – дейді аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев.

Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары алдында ұлттық құрамамыз қорытынды оқу-жаттығу жиынын 27 тамыз - 7 қыркүйек аралығында Астанада өткізеді. 

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында аударыспақ спорты бойынша жарыстар 8-10 қыркүйек күндері Этноауылда өтеді деп жоспарланған.