Екі спортшы Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

Германияның Котбус қаласында өткен батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге иелік етті.
Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге алған. Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.