Лаңкестік туралы хабарлама: Павлодарда қанша бала мектепке бармады?
Мектептерде оқушылардың 44 пайызы жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, оның 12 пайызы дәлелді себептермен (ауырып қалған, өтініш және басқа себептер бойынша) келмеген.
– Мектептерде оқыту штаттық режимде өтеді. Барлық педагогикалық ұжым жұмыс орындарында. Күзет агенттіктері қарқынды жұмыс істеуде, бейнекамераларға мұқият мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, полиция басқармасының қызметкерлері қаланың әр мектебіне кезекшілер қойды, – дейді білім беру бөлімде.
Барлық мектептер ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің үшінші тобына жатады. Бұл топ құлақтандыру жүйесімен, аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығарумен дабыл түймесімен, бейнебақылау жүйесімен, бейнебақылауды жедел басқару орталығына не аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне қосылған бейнебақылау жүйесімен, сондай-ақ кіруді бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер) жарақтандырылуға тиіс. Бұл шаралар барлық ұйымдарда қабылданды. Эвакуациялау жоспарлары әзірленіп, әр қабатқа ілінді.
Сонымен қатар, әр тоқсан сайын полиция департаменті, ТЖМ басқармасы бірлесіп, қызметкерлер мен оқушыларды ақпараттандыру мақсатында қала мектептерінің базасында оқу-жаттығулар, дәрістер өткізеді.
Павлодар қаласының ата-аналары мен тұрғындарынан арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Еске сала кетейік, мектептердегі жаппай ату туралы хабарламалар Ақтөбеден кейін Павлодарда таралды. Батыс Қазақстанда осындай хабарламалар қаңтар айының соңында, бұдан бұрын Ресейде жарияланған.
Павлодар Telegram арнасының авторы 20 адамнан тұратын топ облыс орталығындағы мектептерде терактілер дайындағанын, олардың әртүрлі қару қолдануы мүмкін екенін хабарлаған. Оны растау үшін хабарламаға пулеметтің фотосы қоса берілген. Кейінірек аты-жөні белгісіз біреу атыс болатын 12 мектептің тізімін жариялады.
Pavlodarnews.kz редакциясы ақпараттық хабарлама фактілерін тексерген болатын.