Ленин кентінің тұрғындарына әлеуметтік көмек жасалады
Бұл көмекті алу үшін құжаттар тапсыру керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ленин кенті әкімінің аппаратында тұрақты тіркеуі бар және Ленин кентінде пешпен жылытылатын жеке секторда тұратын адамдарға қатты отынға «біржолғы» әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар қабылданады.
Көмек ала алатындар: 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, жалақысы төмен отбасылар.
Қажетті құжаттар тізімі:
Мүмкіндігі шектеулі жандарға: мүгедектік туралы анықтама, жеке куәлік, тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат, жалдау шарты, жалдау шарты болмаған жағдайда тексеру актісі ұсынылады, банктен 20 таңбалы шот.
Көпбалалы отбасыларға қажетті құжаттар: жеке куәлік, көпбалалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттар, тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат, жалдау шарты, жалдау шарты болмаған жағдайда тексеру актісі ұсынылады, банктен 20 таңбалы шот.
Жағдайы төмен отбасыларға қажетті құжаттар: жеке куәлік, отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелеріне өткен айдағы жұмыс орнынан түскен табыс туралы анықтама, тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат, жалдау шарты, жалдау шарты болмаған жағдайда тексеру актісі ұсынылады, банктен 20 таңбалы шот.
Құжаттар әкім аппаратының 1 қабатында «Open Leninski» кабинетінде қабылданады.