Майқайың кентінде автокөлік кәмелетке толмаған баланы қағып кетті
Жаяу жүргінші белгіленбеген жерде жолды кесіп өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте Майқайың кентінің маныңда орын алған.
– «Ауди-80» маркалы автомашинаның жүргізушісі белгіленбеген жерде жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізіледі.