Май және Баянауыл аудандарының лиман массивтері қайта қалпына келтіріледі (ВИДЕО)
Бүгінде қос ауданда мал шаруашылығы саласы жақсы дамыған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Етті мал шаруашылығының дамуын тежейтін жүйелі проблемалардың бірі - азықтық базаның әлсіздігі, сапалы шабындықтардың болмауы. Бізде бұрын кәдімгі шабындықтардан 6-7 есе жоғары өнімділігі бар 9 шалғынды алқап болған, бүгінде үшеуі ғана жұмыс істейді. Біз Май және Баянауыл аудандарының лиман массивтерін қалпына келтіру бойынша кешенді жұмысты бастауға шешім қабылдадық. Бұл аудандар құрғақшылыққа ең бейім болса да, мұнда мал шаруашылығы саласы жақсы дамыған. 2 ауданда бүкіл облыстың мал басының 50% бар, - деп жазды аймақ басшысы.
Асайын Байханов кеше Май ауданына салалық сарапшылармен бірлесіп, бұрынғы “Қолыбай” лиманының гидротехникалық құрылыстарын қалпына келтіру мәселесін қарастыру үшін барды.
- Мұнда мен ауданы 14,5 мың гектар "Қолыбай" алқабын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау туралы шешім қабылдадым. Осыған сәйкес, аудан әкіміне 2024 жылдың наурыз айына дейінгі мерзімде ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өтуді тапсырдым, - деді облыс басшысы.
Жобаны толық іске асыру кезінде Май ауданының жүздеген ауыл тұрғыны 30 мың бас ІҚМ үшін 40 мың тоннаға дейін шөп жинай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram