Павлодарда бард әндерінің фестивалі өтті

Павлодарда бард әндерінің фестивалі өтті
Фото: pexels.com

Фестиваль жас ерекшелігіне қарай үш санатта бес номинация бойынша өткізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Ертіс қоңырау үні-2023» дәстүрлі бард әндері фестиваліне қаладағы 23 жалпы білім беретін мектептің 1-11-сыныптарының 55-тен астам оқушысы және дарынды балаларға арналған № 8 мамандандырылған мектептің оқушылары қатысты. 

Іс-шараны Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы ұйымдастырды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 59 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде бірінші орын – 35, екінші орын – 17, үшінші орын – 8.

  Ұлы музыканттардың бірі «кез келген басқа аспап тыныштықты бұзады, ал гитара тыныштық орнатады» деген. Ал сырласу үшін бард әні тек тыныштықты қажет етеді, – дейді қазылар алқасының төрағасы, ақын, «Күміс ішектер» авторлық ән клубының мүшесі Людмила Бевз.

«Дуэттер» номинациясында I орынды үш қатысушы иеленді. М Жүсіп атындағы ЖОМ оқушылары Ясмина Нартайқызы, Айзере Рымбек, Адина Дөненбаева жеңімпаз деп танылды. 

«Гитарамен жеке орындау» номинациясы бойынша I орынға 9 оқушы ие болды: № 2 ЖОМ оқушысы Шакурт Жарылқасын,  А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің оқушысы Варвара Панихина, № 41 ЖОМ оқушысы Данила Биянова.

«Ансамбль» номинациясында I орынды 36 қатысушы иеленді. А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ «Форте» ансамблі, № 31 ЖОМ «Домбыра - дастан» ансамблі, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ «Алтын қала» вокалдық-аспаптық ансамбль және № 35 ЖОМ «Ұшқын» ансамблі үздік атанды.