Павлодарда танымал опера әншісінің шығармашылық кеші өтеді

Павлодарда танымал опера әншісінің шығармашылық кеші өтеді
Фото: Валерий Бугаев

Моно-реквиемде Абай Құнанбаевтың шығармалары орындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

30 қарашада Естай атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, опера әншісі Шахимардан Әбіловтің  «Толық адам, ой толғау, хәкім Абай» атты моно-опера, моно-реквием шығармашылық кеші өтеді. Кеш барысында Абай Құнанбаевтың шығармалары орындалатын болады.

Мәдени іс-шараны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырады. 

Моно-реквием кешкі сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін.