24 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +15...+20 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда ауа температурасы +16...+18 °C болады. Көшпелі бұлтты болып, жаңбыр жауады.