Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді.

Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.