Наурыздағы ҰБТ басталды

Наурыздағы ҰБТ басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ол 6 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік берген мәліметке сүйенсек, 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер жиынында – «Математика-Физика», оны талапкерлердің 18,7%-ы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады, -делінген хабарламада.

 Атап қтерлігі, ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.

 Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут сол қалпын сақтап қалды.