Қазақстандықтар шетелдегі туыстарын іздеуде көмек ала алады

Қазақстандықтар шетелдегі туыстарын іздеуде көмек ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтар ұсынған ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қарулы қақтығыс, табиғи апат немесе көші-қон салдарынан шетелдегі отбасы мүшелерімен байланысын жоғалтқан азаматтарға Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы көмек көрсетеді.

Егер туыс шетелде соғыс немесе қарулы қақтығыс кезінде жоғалып кетсе, Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне жүгінуге болады. Ал көші-қон, табиғи апат немесе өзге де төтенше жағдай салдарынан байланыс үзілген жағдайда Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы жәрдемдеседі, – деді миссия өкілдері.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Қазақстандағы миссиясына +7 7172 725540, +7 7172 725230 немесе +7 7172 725541 телефондары арқылы хабарласуға болады. Электронды пошта: asa_tracing@icrc.org.

Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамының байланыс нөмірлері: +7 747 6669256, +7 727 2367623 (705). Электронды пошта: tracingservice@redcrescent.kz.

Ұйымдардың қызметтері тегін көрсетіледі.