NIS Павлодарда 100-ден астам оқушы бір мезетте күй орындады

NIS Павлодарда 100-ден астам оқушы бір мезетте күй орындады
Фото: NIS Павлодар

NIS мектептерінде 7-сынып оқушыларына арналған бірыңғай домбыра сабағы оқу бағдарламасына енген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 100-ден астам 7-сынып оқушысы «Домбыра – қазақ халқының киелі мұрасы» атты қорытынды сабақ аясында халық күйлерін орындады. Дәстүрлі шарада оқушылар «Келіншек», «Кеңес», «Тепеңкөк», «Жастар биі» сияқты халық күйлерін шебер орындап, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.

– «100 күй» жобасы аясында еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінде бір уақытта домбыра үні күмбірлеп, оқушылар ұлттық мұраны дәріптеуге өз үлестерін қосты. Бұл іс-шараның мақсаты – күй өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, орындаушылық дағдыларды жетілдіру және ұлттық құндылықтарды жаңғырту, – деді білім ордасында. 

Айта кету керек, NIS мектептерінде 7-сынып оқушыларына арналған бірыңғай домбыра сабағы оқу бағдарламасына енген. Жыл бойы әр тоқсанда бір күй үйреніп, қорытынды сабақта білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.